Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Мен де оны қорлағым келді»: Бишімбаев Нүкенованы неліктен бейнетаспаға түсіргенін айтты

Азамат Ахметов
видеодан скриншот

Астанада өтіп жатқан сот отырысында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы бейнежазбаға не үшін түсіргенін түсіндірді, деп хабарлайды Qonaev.info.

Бейнежазбада ол оны қорлап, балағат сөздерді айтып, интимдік сипаттағы сұрақтарды қояды. Бүгін бұл кадрлар Бишімбаевтың ұялы телефонынан табылып, тараптарға көрсетілді.

Аталған бейнероликтер 9 қарашада, яғни Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні түсірілген. Бастапқыда Бишімбаев оларды «монтаж» деді. Бірақ, кейінен өзі түсіргенін мойындады. Судьяның мұны не үшін жасағанын сұрағанда, сотталушы «қорлауға қорлаумен жауап бергім келді» деп жауап берді.

Айта кетейік, бейнежазбада Бишімбаев Нүкеновадан: «Райымбекпен жақындастың ба?» деп қайта-қайта сұрап жатады.

Сізге қызықты болады