Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Су тасқынынан зардап шеккендерге тағы да қосыша өтемақы төленеді

Азамат Ахметов
Фото: KZgovernment

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға тұрмыстық техника алуға қаражат берілетінін айтты, деп хабарлайды Qonaev.info.

Оның айтуынша, 100 АЕК-ке қосымша тағы 150 АЕК-ке дейін өтемақы төленеді.  

 «Өткен аптада залалды өтеу жұмыстары басталып кетті. Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алды. Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. 100 айлық есептік көрсеткішке қосымша тағы 150 АЕК-ке дейін өтемақы төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады», — Олжас Бектенов.

Сізге қызықты болады