Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыда жеткіншекті зорламақ болған ер адам ұсталды

Азамат Ахметов
Фото: видеокадрден

Алматыдағы «Алма сити» шағын ауданындағы тұрғын үйде құрылысшы10 жасар баланы үйіне алдап кіргізіп, зорламақ болған, деп хабарлайды Qonaev.info.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода ересек адам мен жас баланың бірге пәтерге кіріп бар жатқаны анық көрсетілген. Сәлден соң жеткіншек сыртқа жүгіріп шығып, баспалдақпен төмен қарай қашып кетеді. Тұрғындардың сөзінше, бұл оқиға «Алма сити» тұрғын үй кешенінде болған. Азығындық жасамақ болған ер адам тұрғын үйде құрылыс жұмыстарын істеп жүрген Қарақалпақстан азаматы болып шыққан.

Полиция күтіктінің ұсталғанын хабарлады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр.

«Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Істің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сізге қызықты болады