Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Азаматтығымды айырбастағам жоқ»: Бекболат Тілеухан Стамбұлдан тағы да сәлем жолдады

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

ҚР Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Бекболат Тілеухан Қазақстан азаматтығынан бас тартпағанын және Түркия азаматтығын алуға өтініш білдірмегенін айтып тағы бір үндеу жолдады. Ол былтыр жыл соңында депутаттық мандатын тапсырып, Түркияға көшіп кеткен болатын.

Еске салайық, бұған дейін Ulysmedia ақпараттық агенттігі Бекболат Тілеуханның Түркия азаматтығын алуға ниетті екенін жазған болатын. Үшінші әйелімен Стамбұлдан зәулім үй алғанын да журналистер жазды. Алайда, артынша Тілеуханның өзі әлеуметтік желілер арқылы бұл ақпаратты жоққа шығарып, оны таратқан редакцияны сотқа беретінін мәлімдеген еді.

Күні кеше экс-депутат тағы да Қазақстан халқына әлеуметтік желі арқылы сәлем жолдады. Түркиядағы Қазақстан консулдығының алдына барған ол өзінің көк паспортын көрсетіп, азаматтығынан бас тартпағанын, ешбір елдің азаматтығын алуға ниеті жоқ екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, қоғамда Бекболат Тілеуханның дәстүрлі емес ислам ағымын ұстанатыны туралы жиі айтылады. Алғашқылардың бірі болып бұл ақпаратты Қазақстанның Дін істері агенттігін басқарған Қайрат Лама Шариф мәлімдеген еді. Кейін ғалым – абайтанушы Мекемтас Мырзахметов, ақын Светқали Нұржан да БАҚ арқылы осындай пікірін айтты.

Сізге қызықты болады