7 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылында жеке тұрғын үй өртенген. Қызыл жалынға оранған үйдің әжесі мен екі кішкентай немересі қайтыс болды.
Өрттен қаза тапқан 3 адамның мәйіті және 6 зардап шеккен адам табылды. Зардап шеккендер Есік қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты, қауіп жоқ.
Өрттің себебі мен материалдық залал анықталып жатыр.
ТЖД мәліметінше, өртті сөндіру кезінде 1960 жылы туған әйелдің, 2018 және 2019 жылы туған ұлдардың денесі табылған.
Ал әлеуметтік желіде қайтыс болған балалардың анасы, әкесі, атасы, 2022 жылы туған баласы және екі көршісі ауруханаға жатқызылды деп жазылған.