«АрселорМиттал Теміртауда» тағы бір жұмысшы оқыс жағдайда көз жұмды. Бұл туралы компанияның өзі мәлім етті.
«8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 1982 жылы туған газ қызметкері қайтыс болды.
Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталуда», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Қарағанды облысындағы шахтада қайғылы жағдай болды. Апат кезінде жер астында 106 адам болған. Оның 101-і эвакуацияланды. Апат салдарынан оқиға орнында 6 кенші қаза тауып, тағы 3 жұмысшы зардап шекті. Артынша көп ұзамай алтыншы кеншінің көз жұмғаны белгілі болды.АрселорМиталл металлургиялық кешені – Теміртау қаласындағы атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі. Кәсіпорынның қаладағы ауаны ластаудағы үлесі 86,4%-ті құрайды. Осыған байланысты компанияға 5,8 млрд теңгеге айыппұл салынған болатын.