Шымкент әкімдігі қаланың қақ ортасындағы сквердің бір бөлігін жекеменшікке беріп жіберген – журналист

Азамат Ахметов
Krisha.kz

Шымкентте қаланың дәл ортасында орналасқан сквердің бір бөлігі сатылымға шыққан. Бұл туралы жергілікті журналист Саида Турсуметова өзінің Facebook-парақшасында жазды.

«Шымкентте сатылымға 5 сотық жер шығарылды. Бағасы 90 млн теңге. Барлық инфрақұрылымы бар. Желі қолданушылары аталған участокты 2018-2019 жылдары жекенің қолының сатылып кеткенін айтады. Осыған байланысты заңды сұрақ туындайды: сквердің бір бөлігі қалайша жекешеленіп кетті? Мұндай құжатқа кім және қашан қол қойды?» - дейді журналист.

Тимур Казмин есімді қоғам белсендісі болса аталған жер 2018-2019 жылдары Рашид Аюпов ӘКК «Шымкент» басшысы кезінде сатылған болуы мүмкін дейді.

Әлеуметтік желі қолданушылары осы жайтқа байланысты Шымкент қаласы әкімдігінен және прокуратурадан іске араласуын талап етіп отыр.