«Билікті мұқатты»: Қарағаныда ұзақ жылдан бері салынбаған жол салынып, тұрғындар салют атып қуанды

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

Қарағандыда жеке секторда тұратын тұрғындар жаңа асфальттің төселгеніне қуанғаны сонша, далада үлкен дастархан жайып, кешке салют атты. Аталған жайттың видеосын жергілікті белсенділер әлеуметтік желіде таратып жатыр.

«Өте ұзақ күткен асфальт жолды тату көршілер осылай атап өтіп жатыр. Жол Солнечная көшесінің Пичугин көшесімен қиылысатын бөлігіне төселген», – делінген блогер таратқан хабарламада.

Оның айтуынша, тату көршілер блогермен бірге әкімдік қызметкерлерін де қонаққа шақырыпты.

Теги: