Қазақтарды Ресей әскерінің сапында соғысуға шақыратын жарнамалар пайда болды

Азамат Ахметов
РБК

Қазақстандық сайттарда жергілікті тұрғындары Ресей әскерінің сапына қосылып, соғысқа аттануға шақыратын жарнамалар пайда болды. Бұл ұсынысқа келіскен адамға РФ әскері 5000 доллар береді екен деп жазады Press.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Дереккөздің жазуынша, Қазақстанда 3 миллионнан астам этникалық орыс тұрса да, үкімет Ресейдің Уркаинада жүргізіп жатқан соғысын қолдамайтынын ашып айтқан.

Десе де, қазақстандық кейбір сайттарда екі елдің туын бейнелеп, патриоттық ұрандармен жергілікті халықты соғысуға шақыратын жарнамалар пайда болған көрінеді. Десе де, Reuters агенттігі оның нақты қандай сайттар екенін көрсетпепті.

Жарнамада Ресей әскерінің сапына келісімшартпен қосылған адамға бірреттік 495 мың рубль ақы, одан әрі ай сайын 190 мың рубль жалақы төленетіні, сондай-ақ түрлі әлеуметтік көмектер көрсетілетінін жазылған.

Жарнама баннерінің үстінен басқанда Ресейдің Сахалин облысы арқылы әскерге қосылуға мүмкіндік беретін ресурсқа кіріп кетеді. Бұл web-ресурстың иесі – Сахалин облыстық адами капиталды дамыту агенттігі.