«Өзімді алдағым келмейді»: қазақстандық блогер хиджабын шешіп, шындығын айтты

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Соңғы уақытта еліміздегі шоу-бизнес өкілдері мен блогерлер жаппай дінге бет бұрып, хиджабқа оранып жатыр. Мұны қоғам да жиі талқылап, дәстүрге қайшы екенін жазуда. Алайда, оған мән беретін әнші жоқ. Көбі қара жамылып, лексиконын араб сөздерімен толықтырған.

Осындай блогерлердің бірі – Рамина Таипова болған. Ол да бақытын исламнан тапқанын талай айтып, бір-ақ күнде хиджабқа оранып шыға келген еді. Жуырда ол күтпеген мәлімдеме жасады: блогер орамалын шешіп, асығыстық болғанын айтты.

«Шын айтсам, орамалмен де, орамалсыз да жаман күйдемін. Ішім алай-дүлей. Жаратқаннан хиджабты шешкенім үшін, шашымды көрсеткенім үшін кешірім сұраймын. Бірақ, басқаша болмады. Орамалды шешкеннен кейін сәл де болса жеңілдедім. Шын айтсам, үйден шыға алмай қалған едім, тіпті айнаға қарағым келмейтін. Мен хиджапқа оранғым келмейді, оны ұнатпаймын, Жаратушы бәрін біліп тұр ғой, кімді алдаймын», – деп жазды танымал блогер.

Оның айтуынша, қазір арабтың киіміне оранып алған қыз-келіншектердің көбі осындай кризистік жағдайда. Блогер оларға сәттілік тіледі.