Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Жаттығу жасаймын ба, ақша іздеймін бе»: қазақстандық танымал боксшы грантқа түсе алмады

Азамат Ахметов

Бокстан қыздар арасында әлемнің күміс жүлдегері және Азия чемпионы қазақстандық Дана Дидай Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясының грантын жеңе алмай қалды. Енді ол спортпен қоштасуы да мүмкін. Бұл туралы журналист Аслан Каженов өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Дана Дидай әлемдік додаларда талай рет топ жарған үздік боксшылардың бірі, ол – спорт шебері. Қазақстан біріншілігін 4 рет жеңіп алған. Осындай нәтижелеріне қарамастан спорт академиясында тегін оқи алмайды.

«Ақылы негізде оқуға болады. Жылына 750 мың төлеу керек екен. Енді «мен ары қарай жаттығумды жалғастырам ба, әлде, ақша табудың амалын іздеймін бе?» - деп, жанайқайын жеткізіп жатыр. Обал. Тікелей грант болмаса да, әртүрлі баламалары болатын еді ғой. Әкімнің гранты, ректордың гранты деген сияқты. Осы жағдай және осындай жағдайлар спортшылардың жетістігі ескеріле отырып, оң шешімін табады деген үміттемін», – деп жазды А.Каженов әлеуметтік желіде.

Боксшы қыз егер тегін оқи алмайтын болса спорттан қол үзіп, оқуының ақысын төлеу үшін жұмыс істеуі де мүмкін.

Сізге қызықты болады