Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақстан түрмелеріндегі әйелдер зорланады, прокурорлар оған көз жұма қарайды – адвокат

Азамат Ахметов

Белгілі адвокат айман Омарова Қазақстан түрмелерінде жазасын өтеп жатқан әйелдердің зорлық-зомбылыққа жиі ұшырайтынын айтып дабыл қақты.

Заңгер еліміздің Бас прокуроры Берік Асыловқа видеоүндеу жолдап, түрмелер мен уақытша ұстау абақтыларында сотталған әйелдер зорлық пен азаптауға ұшырайтынын, оны жасайтындарға прокуратура тарапынан тергеу-тексеру жүргізілмейтінін айтты. Мысал ретінде ол Алматы облысындағы түзеу мекемесін мысалға келтірді. Мұндағы қыз-келіншектерді түрме қызметкерлері жиі зорлайтын көрінеді.

Заңгердің айтуынша, сотталған әйелдерді ҚАЖБ қызметкерлері ғана емес, өзге түрмеде жазасын өтеп жатқан ер адамдар да зорлайтын көрінеді. Яғни, тәртіп сақшылары оларға кездесу ұйымдастырып, бәрін заң аясында өткізгендей болады. Ал, шындығында болашақ тағдырынан қорыққан әйелдер бәріне көне салады дейді адвокат Айман Омарова.

Сізге қызықты болады