Тергеушілер «Дикий Арманның» ісін әлі тергеп біте алмай жатыр

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қылмыс әлемінің серкесі, Қаңтар оқиғасына қатысы бар деп айыпталған Арман Жұмагелдиевті тергеу абақтысында ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Бір жылдам астам уақыт тергеліп жатқан күдіктіні бірнеше бап бойынша соттамақшы.

«Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты азамат Д.-ны қамауда ұстау мерзімін 7 қыркүйекке дейін созуды мақұлдады», – деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі ҚазТАГ-қа берген жауабында.

Айта кетейік, «Дикий Арман» былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлады, күш көрсетті, қару сақтады, бүлік жасады деп айыпталып жатыр. Ал, ол құрған қылмыстық топқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «бесінші депапартаменті» көмектескен көрінеді. Былтыр күзде аталған департаменттің басшысы Руслан Искаков та ұсталды.