«Қазақ қыздары туысына ғана күйеуге шығуы керек»: Қазнетте сақалды жігіттің пікірі дауға ұласты

Азамат Ахметов

Әлеуметтік желіде сақалды жігіттің қазақ қыздарына қарата айтқан мәлімдемесі қызу талқыланып жатыр. Ол аруларымызды өз туыстарына ғана күйеуге шығуы керек деп есептейді.

Аталған видеоны кәсіпкер Ахметбек Нұрсила өзінің Facebook-парақшасында жариялаған.

«Қазақ қыздары тек қана туыс еркекке тию керек, тек сол кезде ғана асыл тұқымды болудың арқасында қазақ текті адам болады», - дейді видеодағы сақалды азамат.  

А.Нұрсила мен видеоға пікір жазған басқа да желі қолданушылары бұл мәлімдемені сандырақ деп, қатаң сынап жатыр. 

«Шын мәнінде, дінге кірген барлық қазақ осыны қолдайды, қолдауға мәжбүр. Бірақ бәрі бірдей белгілі уақытқа дейін ол ұстанымдарын ашық айта алмайды, әлі діңкештене қоймаған қазақ қоғамынан қорқақтайды, қарсылас көбейтіп аламыз ба деп те қорқады», - деді Ахметбек Нұрсила.

Теги: