«Канелоны оңай жеңемін»: Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке дайын екенін айтты

Азамат Ахметов

Кәсіпқой бокстан WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Альвареспен болуы мүмкін жекпе-жек туралы сұраққа жауап берді.

«Мен Канеломен кездесуге дайынмын. Мен мұны бұрын да айтатынмын, қазір де айтамын. Канелоның құпиясын шешуге болады. Мен оны зерттеп үлгердім. Мен қай раундта қанша соққы беретінін, қай раундта шаршайтынын білемін. Егер ол менімен жұдырықтасуға келіссе, мен оны оңай жеңемін. Менің жанкүйерлерім мұны біледі», - деді Әлімханұлы.

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 14 қазанда Розенбергте (Техас штаты, АҚШ) IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Винченцо Гуальтиериге қарсы өтеді.