Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Ашаршылық басталды ма»: Астанада тегін тамаққа таласқандар жұрттың ашуын тудырды (ВИДЕО)

Азамат Ахметов

Астанаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның келуіне байланысты ЭКСПО маңайында тәжік шаруаларының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын. Алаңға негізінен бақша өнімдері мен жеміс-жидек қойылған. Әдемі көріністің фото және видеоматериалдарымен әлеуметтік желі қолданушылары жарыса бөлісті.

Ал, көрме аяқталар тұста шаруалар жеміс-жидекті тегін таратты. Жергілікті тұрғындар тегін тамаққа таласып, бірін-бірі таптап жібере жаздады. Бұл көріністің видеосын да әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр.

«Халық ашыққан ба, мәдениет қайда» деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Еске салайық, дәл осыған ұқсас жағдай Шымкентте, Түркістан облысында да болған еді. Ол кезде тегін палау таратылып, халық тамаққа таласқан болатын.

Сізге қызықты болады