Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Мектепте орамалға рұқсат бермесе, Шешенстанға көшемін - Талғат Рұсқылбек

Азамат Ахметов

Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы Қайрат Рысқұлбековтың інісі Талғат Рысқұлбек мектепте хиджаб киюге рұқсат бермесе Қазақстаннан көшіп кететіні туралы мәлімдеді. Мұндай пікірін ол Facebook-парақшасында жариялады.

Ол егер оқушы қызына сабаққа орамалмен келуге рұқсат бермесе Шешенстанға көшетінін ашық айтып отыр.

«Неше күннен бері әлеуметтік желіде орамал дауы болып жатыр. Ол жылда болады. Сабыр еттік. Сабыр еткендер біздей-ақ болсын. Бізде Аллаһқа қарсы келіп жатыр. Осындай шешім қабылдап, мемлекетке азап келе ме деп қорыққандықтан видеоүндеу жасап отырмын. Қыздарымызды діннен алыстатқысы келеді. Олармен тартысқа түсудің қажеті жоқ», - дейді Рысқұлбек.

Еске салсақ, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке хиджабпен келуге болмайтынын айтып, бұл мәселенің нүктесін қойған еді.

Сізге қызықты болады