Қазақстандық шенеуніктер 85 мың теңге жалақы алуы керек – петицияға 37 мыңдай адам қол қойды

Азамат Ахметов

Қазақстанның интернет кеңістігінде шенеуніктердің жалақысына қатысты петиция пайда болды. Петиция авторы – Дәулет Жаябаев есімді азамат лауазымды тұлғалар 85 мың теңге жалақыдан артық алмауы керек деген ұсыныс тастаған. Оны бүгінде 37 мың адам қолдап дауыс беріпті.

Есте болса, осыдан бірнеше күн бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев журналистермен болған әңгіме барысында «Қазақстанда 85 мың теңге жалақыға өмір сүруге болады» деген еді. Бұл өз кезегінде қоғамда резонанс тудырды. Артынша осындай петиция пайда болды.

«Олар 85 мың теңгеге бір ай өмір сүруге болады дейді. Егер болса неге соншама үлкен жалақы алып отыр? Ендеше олардың жалақысын 85 мың теңгеге қысқартып, үнемделген қаражат есебінен балаларға, мүгедектерге, асыраушысынан айрылған отбасына, өзге де әлеуметтік топтарға берілетін жәрдемақы көлемін арттырайық», - делінген петиция жазбасында.