«3 баласына алимент төлемейді»: Омар Жәлелдің бұрынғы әйелі шындығын айтты

Азамат Ахметов

Олар 5 жыл отасқан

Фото ашық дереккөзден

Абайтанушы Омар Жәлелдің екінші әйелі Ләззат Мырзаш онымен не үшін ажырасқанын көпшілік алдына шығып айтты.

«Бес жыл отасып, үш баланың ата-анасы атандық. Бастапқыда Түркияда оқып жатқан жеріме арнайы келіп сырға-сақина тағып, кіші жарым боласың ба деп ұсыныс жасаған болатын. Берген уәдесінде тұрмай, орта жолдан балаларыммен тастап кетті. 5-8 айға балаларыммен жалғыз қалдырып кете беретін. Балаларыма алимент төлемейді. Бірақ берген сұхбаттарында «балаларыма көмектесіп» тұрамын дегеніне ашу-ызам келеді. Оған ақшасы бар, жайлы әйел кездескен соң бізді тастап кетті», - дейді ол.

Ләззат Мырзаш атағандай, Омар Жәлелдің алғашқы әйелі екеуінің үйленуіне рұқсат берген. Осылайша, олар Түркияда некелерін қиған.

Ол Маңғыстауда дәріс өткізгелі жатқан Омар Жәлелдің семинарын да сынады.

«Мына азғын ілімді маңғаз Маңғыстауға жайып, ұрпағыңның алдында масқара болмақшысың ба? Бұлардың адасушы ілімі киелі де қасиетті жерде тарамау керек. Омар, саған ескертеміз, Адайда күйеу сабау деген салт бар. Адай еш уақытта қызын, қарындасын қорлатып жылатып қоймаған», - деп жазды ол.