Күн сәулелі қоқиқаз

Азамат Ахметов

Бұл құстар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген

Фото авторы Сәкен Ділдахмет

Қазақстанда мекен ететін ерекше құстар бар. Солардың бірі – қоқиқаз. Қоңқиған мұрнына қарап, ел ішінде оны қоқиқаз деп атаған. Қызғылт күлгін түсті қоқиқаз еліміздің солтүстік өңірінде жұмыртқалап, балапан басып шығарады.

Жыл сайын көкек айында Иран, Түркменістан, Африка елдерінен Каспий теңізіне ұшып келіп, Арқаның орталығында орналасқан сулы-батпақты аймақтарда мекендейді. 

Өздерінің популяциясын сақтау үшін жыл сайын мыңдаған шақырым ұшып, Ақмола облысының Қорғалжын ауданында балапан басып шығарады. 

Олардың ерекшелігі осы аумақтағы сорларды артемий жұмыртқаларына байланысты. Қоқиқаздар сол құрт тәрізділермен қоректеніп, тіршілік етеді. Ерекше түсі де осы құрт тәрізділермен қоректенуі байланысты. 

Қоқиқаздардың басқа құстардан ерекшелігі өз балапандарын қан араласқан сүтімен асырайды.

Бұл құстар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.