Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақ балаларының бірін-бірі боқтағанын естігенде жағаңды ұстайсың – Камил Гаджиев

Азамат Ахметов

Әсіресе, Ақтөбе өңіріндегі жастар жиы балағаттайды

AMC Fight Nights президенті Камил Гаджиев қазақ балаларының бір-бірімен сөйлескенде орысша боқтық сөздерді өте көп қолданатынын айтып отыр. Әсіресе, Ақтөбе өңірінде мұндай боқтық сөздер жастардың қалыпты лексиконына әбден сіңіп кеткен дейді ол.

Жуырда Түркияға демалуға барған Гаджиев қазақ балаларының сөйлескеніне құлақ түріпті. Әр сөзден кейін орысша боқтық естіген спортшы шошынып, жағасын ұстаған.

«Ең жаман боқтық сөздерді кімдердің айтатынын білесіздер ме? Орыс тілінде. Қазақтар! Қазақстанның кей қалаларында орысша боқтық сөздер қалыпты лексиконға еніп кеткен», - дейді ол.

«Түркияда демалып жатырмын. Теңіз жағасында жатқанмын, құлақ түбінен қайта-қайта боқтық сөздер естілді, орыс тілінде. Болмай кеткен соң бұрылып қарап едім, қазақ балалары екен, футбол ойнап жүр», - деді спорт менеджері.

Сізге қызықты болады