Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Ақпараттық шабуыл»: Дәулет Тұрлыханов ұлының қызды ұрғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Оның кіші ұлының үстінен қылмыстық іс қозғалған

Мәжіліс депутаты, күрестен Олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Тұрлыханов екі ұлының қыздарды ұрғанына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бәзбіреулер депутатқа ақпараттық шабуыл жасап жатқан көрінеді.

«Мен мұны біраз жылдан бері менің отбасыма жасалып келе жатқан ақпараттық шабуыл деп білемін», - деп жазды депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, бүгін журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында Әкежан Дәулетұлы Тұрлыханов көшеде қызды ұрды деп видео таратқан болатын. Онда ер адамның расымен де қызды ұрып, итеріп құлатқаны көрінген. Артынша сол видеоның толық нұсқасы желіде пайда болды. Онда зәбір көрген қыздың кіші Тұрлыхановқа өзі барып бірнеше рет қол жұмсағаны анық көрінеді.

Ал, биыл Мәжіліс сайлауы қарсаңында Дәулет Тұрлыхановтың кіші ұлы әскери борышын өтеп жүрген жерінен әскери бөлімнен қашып шығып, ерлі-зайыптыны ұрғаны белгілі болған еді. Қазір жас жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

«Мен өз ұлдарымды әкелердің жолымен қазақи дәстүрге лайықты етіп тәрбиеледім. Желіде тараған видеоға қатысты менде де біраз сұрақ бар. Неге бойжеткен қыз таңғы төртте менің үйіме келіп, аталған жағдайға тап болады? Болған жайт өте ыңғайлы ракурста бейнекамераға жазылып қалады да, видеоның қажетті бөліктері қажетті адамдардың қолына тиеді. Артынша бүкіл БАҚ-та жарияланады. Мұның бәрі тек менің емес, басқа да адамдардың көкейінде сұрақ туындатады», - деп жазды Д.Тұрлыханов.

Сізге қызықты болады