Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Жылыту станцияларында апаттар тағы болуы мүмкін – Cкляр қазақстандықтарды ескертті

Азамат Ахметов

Апатты ЖЭО-лар жөнделіп жатыр

Соңғы қыс қазақстандықтар үшін ауыр соққаны әлі есте. Екібастұз, Риддер қалаларындағы жылу электр станцияларында апат болып, ондаған мың адам қақаған қысқа жылусыз қалған болатын. Теміртау тұрғындары да осыған ұқсас қиындықты бастан өткерді. Артынша, үкімет бүкіл ел аумағындағы ЖЭО-лар тозғанын айтып, шұғыл шара көруге уәде берген болатын.

Жаз бітіп, ел қыстың қамына кірісіп жатқанда, Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ЖЭО-лар қысқа дайын екенін, алайда апаттар болу қаупі бар екенін атап өтті.

«ЖЭО-ларда жөндеулер жүргізіліп жатыр. Биыл қаржыландыру көлемі былтырғымен салыстырғанда бірнеше есеге өсті. Ескіру мен тозуға қатысты жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Екібастұздағы 10 қазандыққа (5-уі энергетикалық, 5-уі жылыту) күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Қондырғылар мен қажетті материалдар орнында. 500-ге жуық жұмысшы еңбек етіп жатыр. Толық қаржыландырылу бар. Жаңа станциямен іске қосыламыз. Өзге жылу энергия станцалары тариф инвестициясымен алмасу бағдарламасы аясында қаржыланды.

Апаттар болуы мүмкін. Бірақ, бүтін бір қала жылусыз қалмайды. Ондай енді ешқашан болмайды», - деді Скляр.

Сізге қызықты болады