Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жетім қыздарды туыстары қара жұмысқа жеккен

Азамат Ахметов

Қыздар мал бағып, қора тазалайды

Түркістан облысының тұрғындары Гүлсімжан Әділжанова мен Айша Мұстафина 11 жыл бір партада отырған сыныптастарының жай-күйіне алаңдап, «Көреміз» бағдарламасына жүгінген. Олар апалы-сіңлі сыныптастарының "құлдыққа салынғанын" айтып шағымданыпты.

Белгілі болғандай, елі қыздың ата-анасы қайтыс болып, оларды әкесінің туған бауыры асырап алған екен. Ол ағалық қамқорлығын көрсетудің орнына бойжеткен қыздарды ауыр жұмысқа жеккен.

«Қыздар тек нан мен су ішетіндерін айтады. Үстерінде майка мен шалбар ғана. Ішінде іш киім де жоқ. Үйін аралағанда жеке бас гигиенасына арналған заттарды көрмедім. Екеуінен қоңырсық иіс шығып тұр», - деді Айша Мұстафина.

Ал Гүлсімжан Әділжанова азып-тозған қыздарды танымай қалғанын айтқан.

«Үсті-басы жара, шаштарын қысқа қылып қиып тастаған. Екі қыздың мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, мемлекеттен жәрдемақы беріледі. Ағасы ақшаны қалтаға басып, аптап ыстықта екі қарындасына мал бақтырып қойған. Қыздардың осындай жағдайға жеткізген адамдарды жауапқа тартуды сұраймыз», - деді ол.

Құзырлы органдар бұл мәселеге қатысты әлі жауап берген жоқ.

Сізге қызықты болады