Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Мұхамеджан Тазабек тоқал болғысы келетін қыздарға кеңес берді

Азамат Ахметов

Біреуді жылатып, өзің күліп жүруің қиын дейді ол

Бұрын айтыскер ақын болған Мұхамеджан Тазабек тоқал болу мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді. Оның әлеуметтік желідегі оқырмандарының бірі өзінің отбасылы еркекке күйеуге шыққысы келетінін айтып, діндардан ақыл сұраған.

«Рас, жолы болған жақсы еркектер бар. Соларға тоқал болып күйеуге шыққысы келетін жағдайлар шығар, солай деп түсіндім сұрағыңызды. Әрине, ол бір отбасын бақытты еткен, жағдайы шешілген адам. Бірақ бәйбіше оны бөліскісі келе ме, мәселе сонда ғой. Бәйбіше де одан айрылғысы келмейді. Ол да күйеуін ешкіммен бөліскісі келмейді. "Бір жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ" деген сияқты, керемет жігіт қой деп шығып, бір айдан кейін, екі айдан кейін "болмайды екен" деп ажырасып жатқан қыздар бар», - дейді ол.

Оның сөзінше, біреудің бақытына ортақтасқаннан гөрі бойдақ жігітке тұрмысқа шығып, тату ғұмыр кешкен жөн.

«Отбасылы ер адамдардың жағдайын жасап, жарқырап жүруіне жұбайларының үлесі зор ғой. Бойдақ жігітке тұрмысқа шығып, бірге дамып, өсудің орнына, дайын нәрсені алу оңай көрінуі мүмкін. "Біреуді жылатып, өзің күліп жүруің қиын" демекші, бойдақ жігітке тұрмысқа шығып, күліп-ойнап, ұрыспай-керіспей тату ғұмыр кешкенге не жетсін», - деп жазды ол.

Сізге қызықты болады