Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Челахтың ісі қайта қарала ма?

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Ол 15 адамды өлтіргені үшін өмір бойына сотталған

Бас әскери прокурор Дастан Секенов Сенат отырысының кулуарында Владислав Челах жыл сайын сотқа шағым түсіретінін айтты. 

Журналистер одан «Арқанкерген» мәселесіне қатысты іс қайта қаралуы мүмкін бе деп сұраған.

«Челахтың үкімі заңды күшіне 2012 жылы енді. Ол кезде бұл іске мен де қатыстым. Жыл сайын Челах сотқа арыз түсіріп тұрады. Оның шағымдары белгіленген тәртіпте Бас прокуратура мен Жоғарғы сотта қаралды. Арызында жаңадан мәселелер көрсетіле ме деп біз қайта қараймыз. Дегенмен, ол ескі ақпараттарын қайта жібереді. Оның келтірген талқылаулары дәлелденген жоқ», - деді Дастан Секенов. 

Айта кетейік, Владислав Челах «Арқанкергендегі қырғын» ісі бойынша 15 адамды өлтіргені үшін өмір бойына сотталған.

Сізге қызықты болады