Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Түркістан облысында сақалды жігіттер мектеп директорын сабап кеткен

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

Полиция қол қусырып қарап отыр

Фирдоуси атындағы мектептің директоры Жанар Сапарды белгісіз екі ер адам соққыға жықты деп жазады белгілі заңгер Айгүл Орынбек.

Оның сөзінше, күш көрсеткен жігіттердің екеуі де сақалды болған.

«Күні кеше Фирдауси мектебінің директоры Жанар Сапар екі сақалды қазақ жігіттері келіп қылқындырып,  ұрып, сүйрелеп дене жарақатын салып кеткен. Ал полиция қызметкерлері екі жігітті табудың орнына, “арыз-шағымым жоқ” деген қағаз жаздырып алып кеткен», - деп жазды А.Орынбек.

Ол сондай-ақ, теріс діни ағымдарға және діни киім атрибуттарына шұғыл түрде заң қабылдауды талап етті.

Еске салайық, Қазақстанда соңғы бірер ай бойы хиджаб дауы басылмай тұр. Дін ұстанатын ата-аналар қыздарын мектепке хиджабпен кіргізуді талап етуде. Бірақ, заңға сәйкес, мектеп ғимаратына діни киіммен кіруге болмайды.

Сізге қызықты болады