Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Мүфтияттың ұлт пен мемлекетке деген махаббаты жоқ – Мәжіліс депутаты

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Бұған дейін бас мүфти мектепке оқушы қыздарды хиджабпен кіргізуге шақырған болатын

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов елдегі діни ахуалға байланысты пікірін айтып, мүфтиятты мемлекетке махаббаты жоқ деп айыптады. 

«Abay Live» ютуб-каналына сұхбат берген депутат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының позициясын сынға алды.

«Діни басқарманың ұлтқа, мемлекетке деген махаббаты жоқ шығар. Мүфтият халыққа сөзі өтетін, білдей бір басқарма. Оның берген бір ауыз сөзі барлығына ортақ заң болады. Бірақ діни басқарманың ішінде бұл мәселенің керсінше өрбуіне, күмән туғызуға жол беріп отырғаны түсініксіз. Ол жақтың махаббаты жоқ деп отырғаным сол», - деді Ринат Зайытов.  

Ол мемлекет пен үкіметте отырған шенеуніктер бірінші кезекте өзінің сенім-нанымын емес, мемлекеттің пайдасына тиетін жауапты беруге тиіс деп есептейді.

Сізге қызықты болады