Зардап шеккендердің жағдайы ауыр
Алматы облысының Талғар аудандық ауруханасында қайтыс болған ер адамның ұлдары жансақтау бөлімінің дәрігері мен мейіргерін аяусыз сабап, ауыр дене жарақаттарын түсірген.
Бұл аздай, марқұмның елі ұлы әкесінің денесін белгісіз жаққа алып кеткен.
«Қайтыс болған адамның ұлдары кісі өлімі туралы дәрігер анықтамасының ресми рәсімін күтпестен жансақтау бөліміне баса көктеп кіріп, ондағы дәрігер мен мейіргерге қатысты күш қолданып, марқұмның денесін ұрлап, оны ОАА территориясынан медициналық төсек арбамен бірге алып кетті», - деп хабарлайды Талғар аудандық орталық ауруханасының әкімшілігі.
Жасалған шабуыл салдарынан анестезиолог-реаниматолог дәрігерге бас миының жарақаты, ми жарақаты, көптеген гематома мен сырылулар, сондай-ақ кеңсіріктің жабық сынығы диагнозы қойылды. Мейіргерге қойылған диагноз: мидың жабық жарақаты, ми жарақаты және шекенің жұмсақ тіндерінің көгеруі, мұрын сүйектерінің жабық сынығы.
«Шақырту бойынша оқиға орнына жеткен Талғар қалалық полиция қызметкерлері қайтыс болған адамның денесін қайтару және дәрігерлерге шабуыл жасағаны үшін кінәлілерді ұстау бойынша қажетті шаралар қабылдады. Аталған фактіге алда құқықтық баға беріледі», - деп мәлім етті Талғар аудандық орталық ауруханасының басшылығы.
Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі болған жайтқа қатысты түсініктеме беріп, шабуыл жасаған азаматтарға құқықтық жаза қолдануды талап етті.
«Осы құқыққа қайшы әрекеттерге құқық қорғау органдарының тарапынан сәйкес баға берілуі, шабуыл жасаған адамдар заңның барлық талаптары бойынша жазалануы тиіс. Дәрігерлерге жасалған мұндай қаскүнемдік шабуылдар, ауыр пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның қызметіне араласуға мүлдем жол берілмейді және адамгершілікке жатпайды. Денсаулық сақтау жүйесінде пациенттер мен дәрігерлердің қауіпсіздігі, науқастарға медициналық көмек көрсету үшін жағдай жасау әрқашан алдыңғы қатарда тұрады», - делінген хабарламада.