Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Төреғали Төреәлі тағы 20 тәулікке қамауға алынуы мүмкін

Азамат Ахметов

Әнші жақында ғана абақтыдан шыққан болатын

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Т.Әлихановқа (Төреғали Төреәлі – авт.) қатысты қылмыстық іс қаралуда. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдеді.

Қылмыстық іс билік өкілін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша (ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігі) қозғалған.

Аталған бап 80 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді. 

Еске сала кетейік, осы жылдың 14 маусымында Төреғали Төреәлі Алматы көшелерінің бірінде жол ережесін өрескел бұзып, тәртіп сақшыларына қарсылық танытқан еді.

Сізге қызықты болады