Олар емделіп жатыр
Түркістан облысында апалы-сіңлі қыздардың ауыр жұмысқа салынып, құлдықта болғаны туралы бұған дейін БАҚ беттерінде жазылған болаты.
Ата-анасы аяқасты қайтыс болғаннан кейін екі қызды әкесінің ағасы асырап алған. Алайда, ағалық қамқорлық көрсетудің орнына, онсыз да денсаулығында ақауы бар қыздарды ол малға салыпты.
Қыздардың жайы бұқараға жария болғаннан кейін ағасы Сәулебектің үстінен қылмыстық іс қозғалыпты. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай өзінің Instagram-парақшасында жазған.
«Ағасы Сәулебек апалы-сіңліні қой бақтырып, тұрмыстық өмірге керекті заттармен қамтамасыз етпеген. Мемлекеттен ол қыздарға бөлген ақшаны өздері жаратқан. Бұл оқиғаны көрген қыздардың бұрыңғы сыныптастары жағдайларының мүшкүл екенін хабарлаған еді. Қазір қыздар үш аптадан бері кешенді ем қабылдауда», - деп жазды журналист.
Назгүл мен Құндыз Алматыда емделіп жатыр. Оларға медорталық жанынан пәтер жалға алынған. Тамағын әзірлеп, жуындырып, киімін дайындайтын күтуші де жалданыпты. Олар үш ай бойы осында ем қабылдайды.