Төтенше жағдайлар министрінің түркістандық өрт сөндірушілерден ақша жинағаны рас па?

Азамат Ахметов

Әлеуметтік желіде осындай ақпарат таратды

Белгілі журналист Михаїл Козачковтың Telegram-каналында жаңа тағайындалған Төтенше жағдайлар министріне Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері ақша жинаған деген ақпарат тарады.

Ақпараттың дереккөзі ретінде осы мекемеде жұмыс істеген Зуялхан Гасанов есімді азамат көрсетілген.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы кезекті арандатуышылықты іске асыру болып табылады. Бұған дейін Гасанов Зуялхан (2022 жылы) жала жапқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған болатын. Айта кету керек, бұл азамат қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының қызметкері болып табылмайды, өйткені биыл мамыр айында теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Ол бірнеше рет осындай мәселелер бойынша ТЖМ-ге жүгінді, бірақ тексеру нәтижелері бойынша ол көрсеткен дәлелдер расталмады», - делінген ТЖМ мәлімдемесінде.

Министрлік осыған қарамастан, өтініште айтылған әрбір факт бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп қызметтік тергеу жүргізілетінін хабарлады.