Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Байқоңырда Қазақстан тарихы мен қазақ тілі оқытылатын болды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Аталған аймақ Ресейге жалға берілген

Оқу-ағарту жүйесіндегі уағдаластыққа Қазақстан – Ресей үкіметаралық комиссия отырысында қол жеткізілді. Қос тараптық келісім аясында келер жылы бір білім беру нысаны мен балабақша отандық білім стандартына көшеді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жергілікті биліктің қолдауымен Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай ауылдарындағы мектептердің жұмысын үйлестіретін дербес ұйым құрылады. Қазір Байқоңырда 5 отандық және 7 ресейлік мектеп бар.

Соңғысында Қазақстан азаматтарының 2 мыңнан астам баласы білім алып жүр. Көрші мемлекеттің оқу бағдарламасымен әріп таныған оқушылар енді қазақ тілі мен әдебиетін оқуға мүмкіндік алып отыр.

«Қазіргі таңда Янгель атындағы 7-мектепте оқытылып жатыр. 5, 6, 8 және 9-сыныптарда. Алдағы уақытта қалған 5 ресейлік мектепте осы пәндерді оқыту жөнінде жұмыстар атқарылады»,- деді Қармақшы аудандық білім бөлімінің байқоңырдағы сектор меңгерушісі Жадыра Алданова.

«Жоғарғы оқу орындарына түсуге де жоғарғы сынып балаларына осы пәндер керек. Сол себепті осы мәселелер біраздан бері алдыңғы үкіметаралық комиссияларда қаралып жүрген болатын. Мәселе оң шешімін тапты. Біз қазір балалардың арасына іріктеу жасап, кім қандай пәнді оқығысы келеді? Пән таңдаған балаларды Ресей тарапы қамтамасыз ету керек толықтай мұғалім және кітаппен», - деді Қайрат Нұртай, ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі.

Байқоңыр қаласы көшелеріндегі көрнекі құралдар, жарнамалық және хабарламалық билбордтар енді қазақшаланады. Бұл да үкіметаралық комиссияда шешілген мәселенің бірі.

Сізге қызықты болады