Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыдағы Орталық мешітте ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

Азамат Ахметов

Мұндай шаралар дәстүрге айналып келеді

Қазақстанда мұсылмандардың мерекелеріне орай спорттық жарыстар өткізудің жақсы үлгісі жасалды. Ислам спортпен айналысуды сауапты іс деп санайды, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі жүгіру, ат жарысы, суда жүзу, садақ ату, күрес сияқты спорт түрлерімен айналысқан.

Осыған орай, Орталық мешітте екінші рет «Қасиетті жұма» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.

Жарыста асық ату, қол күресі, қошқар көтеру, гір көтеру, арқан тарту және қазақ шахматы – тоғыз құмалақ ойындары болды.

Еске салайық, 20 қазанда да осы мешітте, Алматының орталық мешітінде Раби әл-Ахир (Ислам күнтізбесінің төртінші айы) діни мерекесіне орай жамағат арасында осындай жарыстар өткен болатын.

Ұйымдастырушы – «Nomad Leader» ЖШС жеңімпаздарға түрлі бағалы сыйлықтар – діни және спорттық керек-жарақтарды табыс етті. Спорт мерекесіне тапсырыс беруші Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқармасы болды.

Сүннизмнің төрт мазһабының бірі – Ханафи мазһабының қыр-сырын, қазақтың дәстүрлі құндылықтарын дінтанушылар Айбар Қойшыбай мен Қуаныш Әбішев қауымға қолжетімді түрде түсіндіріп берді.

Балаларға да қызық болды, аниматорлардың епті бақылауымен ойын алаңында көңіл көтерді. Ал, Құран Кәрімде айтылған салауатты өмір салтын ұстанудың үлгісін келген жамағат балалары мешітте өз көздерімен көруі – өте тамаша.

Сізге қызықты болады