Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Үкімет мүгедек спортшыларды алалайды ма? Депутат ащы шындықты айтты

Азамат Ахметов
Sputnik Қазақстан

Параспортқа бөлінетін қаражат аз болса да, нәтиже жоғары

Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында параспортқа бөлінетін қаражаттың аздығына шағымданды. 

«Ақша айырмашылығын қарайтын болсақ, параспортқа соңғы жылда 4,2 млрд теңге бөлінсе, жалпы спортқа 16 млрд теңге бөлінген. Біз параспортшылар 41 медаль әкелдік, ал жалпы спорт 80 медаль ғана әкелді. Біз 13 орыннан 11 орынға көтерілдік. Ал жалпы спорт 7 орыннан 11 орынға түсіп кетті. Ренішіміз қара қазандай, бізге көбірек көңіл бөлген дұрыс шығар деп ойлаймыз», - деді депутат. 

Ол Азия пара ойындарынан келгенде Алматы әкімшілігі жақсы қарсы алғанын айтты. Алайда, дұрыс шығарып салмаған.

«Біз Алматыға ұшып келдік. Жақсы қарсы алды. Бірақ шығарып салған кезге қатысты ойым бар. Параспортшыларға Үкімет тарапынан назар өте аз. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатыспаған жарыстарға министр өзі барады. Ал бізге жай ғана комитет басқармасының басшысы барды. Олардың орынбасары болды. Комитет басшылары да болған жоқ. Осындай көңіл бөлмеудің нәтижесінде параспорт пен сурдоспорт дамып жатқан жоқ. Бізге көп көңіл бөлінсе, параспортшылар көресіні көрсетеді, медальдің көкесін көрсетер еді», - деді ол.

Кенжеғұл Сейітжан жақында Азия пара ойындарына қатысып, велоспорттан команда құрамында қола медаль ұтып келген еді.

Сізге қызықты болады