РФ үкіметі қазір бұл мәселені пысықтап жатыр
Ресей үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында өткен форумда Қазақстандағы орыс тілінің тағдыры жайлы айтты.
«Ынтымақтастық пен барлық деңгейде іс-жүргізу үшін бізге орыс тілі қажет. Қазір біз аудармашыларсыз бір-бірімізді тікелей түсініп отырмыз. Қазақстанда орыс тіліне деген қызығушылық бар. Біз бұл мәселені үкіметаралық комиссияның отырысында да талқыладық. Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа орыс тілі бойынша халықаралық ұйымның құрылуы бастамасы үшін алғыс айтамыз. Ол келісімге 13 қазанда ТМД елдері басшыларының кеңесінде қол қойылды. Қазір біз Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде сабақ беретін үш мектептің құрылысын детальді түрде талқылап жатырмыз»,- деді ол.
Оверчук атағандай, Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алады.
Ол бірқатар ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары Қазақстанда ашылғанынын айтты.
«Ресейдің ауылшаруашылығы ЖОО-сының филиалын ашу жұмыстарын пысықтап жатырмыз»,- деді ол.