Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды

Азамат Ахметов

Ол бұған дейін де түрмеде отырып шыққан

Total.kz

Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ауыр соққыға жыққан экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында жазды.

Алған ауыр соққы салдарынан жас келіншек жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қуандық Бишімбаев Достық көшесі 16-үйде орналасқан «BAU» мейрамханасында әйелін соққыға жыққан. 

Айта кетейік, Қ.Бишімбаев Ұлттық экономика министрі болған. 2017 жылы ол аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін ұсталып, 10 жылға сотталды.

2019 жылы қазанда ол шартты жазамен түрмеден босап шыққан.