Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қарағанды облысында өгей әкесі зорлаған жасөспірім жүкті болып қалған

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

Сот болғанға дейін зәбір көрген қыз ер адамды туған әкесі деп ойлап келген

Қарағанды облысында өгей әкесі бірнеше рет зорлаған 15 жастағы жасөспірім қыз жүкі болып қалған.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 42 жастағы ер адамға үкім шығарды.

Жабық есік жағдайында өткен сот барысында сотталушы өз кінәсін мойындады, алайда қыздың жыныстық қатынасқа өз еркімен келіскенін және оның өгей қызы екенін айтты.

«Істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның қыздың биологиялық әкесі емес екені белгілі болды, бұл тиісті молекулярлық-генетикалық сараптаманың қорытындысымен расталды. Бірақ оның қылмыстың істің бабына еш әсері болмайтыны мәлімделді. Қылмыс жасалған кезде ол оны өз қызым деп санаған, қыз да оны туған ата-анасы деп білген. Сондықтан ер адамға «ата-анасы жасаған» қылмыс белгісімен сотталды», - деді Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бекзат Шалғымбаев.

Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айрылды, ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сотталушы үкімді апелляцияға бергенімен, облыстық сот оны өзгеріссіз қалдырды.

Сізге қызықты болады