Ол ұзақ уақыт ауырған
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев 70 жасқа қараған шағында қайтыс болды деп жазады Ratel.kz.
«Сағат 9.28-де жүрек қызметі тоқтатылды (асистолия). 23 минут ішінде реанимациялық іс-шаралар өткізілді, олар тиімсіз болып шықты», - деп жазылған аталған хабдарламада.
2022 жылдың шілдесінде БАҚ Болат Назарбаевта ауруханаішілік пневмония, тромбоз және қант диабетімен асқынған көмей обыры табылғанын жазды.
4 қарашада БАҚ Болат Назарбаевтың ауыр жағдайы туралы тағы да жазды. Экс-президенттің інісі қайтадан инфарктпен ауруханаға жатқызылды және оның жағдайы ауыр және тұрақсыз деп айтылды.