Аталған жайт бойынша екі бірдей қылмыстық іс қозғалған
Астана қаласының Полиция департаменті Салтанат Нүкенова қайтыс болған мейрамхананың директорын да қамауға алды деп хабарлайды Департаменттің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, осы жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық колексінің 99-бабымен (кісі өлтіру) қозғалған қылмстық іс те тергеліп жатыр. Ол бойынша басты күдікті ретінде марқұмның күйеуі, экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған болатын.
«Тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432, яғни (қылмысты жасыру) бабы бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, оның шеңберінде "Гастро-орталық" директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) 119-бабы 3-бөлігі (қауіп-қатерде қалдыру) бойынша қылмыстық істер тіркелді», - делінген ПД хабарламасында.
Тергеуді Астана қаласының Полиция департаменті тергеу басқармасы жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында болады.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды.