«Маған жасаған жақсылығы көп»: Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелдерінің бірі көңіл айтты

Азамат Ахметов

Экс-президенттің інісі бірнеше рет үйленген

Фото ашық дереккөзден

Бүгін Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында өмірден өтті. Оның бұрынғы әйелі Динара Әлжан әлеуметтік желіде жағдайды естіп, көңілі құлазығанын айтты.  

«Осы жағдайды естіп, көңілім құлазып отыр. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл кісінің маған жасаған жақсылығы көп. Бәрі де өткен іс. Алдынан жарылқасын, жаны жәннәттә болсын», - деді ол.

Еске салсақ, Болат Назарбаевтың қайтыс болғанын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай растаған еді.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда туған. 4 қарашада БАҚ Болат Назарбаевтың ауыр жағдайы туралы тағы да жазды. 13 қарашада ол қайтыс болды.