Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Діндар Талғат Рысқұлбек құдайдан Болат Назарбаевтың күнәларын кешіруді сұрады

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Болат Әбішұлы 13 қарашада Алматыдағы ауруханалардың бірінде науқастанып көз жұмды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін қоғамда ол туралы түрлі пікірлер айтылып жатыр. Көпшілік оның тірі кезде істеген әрекеттерін сынға алуда.

Ал, желтоқсаншы Қайрат Рысқұлековтің інісі, агрессивті мәлімдемелерімен жиі көзге түсетін діндар Талғат Рысқұлбек Болат Назарбаев туралы жылы пікірімен бөлісті.

Оның айтуынша, экс-президенттің інісі көзі тірісінде кедей-кепшікке көмектесіп, жетімдерді жебеген көрінеді.

«Жаназасы шығарылса мұсылман болғаны да! Салиқалы ұрпақ деген жетімдер үйін ашып, соған көмектесіп келгені не тұрады?!

Қазақтың байлығына ықылық атқанша тойынған Миттал, Машкеевич, Белович, Ким, Ни, Шодиев, Клебанов, Храпунов т.б. "миллардерлерге" қарағанда, Болат Назарбаев жүзге жуық қазақты баспаналы еткен. Қаншама мешіт салған. Жоғарыда аталғандар әкесінен қалмаған ақшаларына қазақ үшін деп, тауық қора да салмағанда, бұ кісі бақ десең де, шақ десең де, әйтеуір қазаққа біраз дүние жасап кетті», - деп жазды Т.Рысқұлбек өзінің Facebook-парақшасында.

Ол сондай-ақ, Болат Назарбаевтың күнәларын кешіруді құдайдан сұрап, артынан ерген ұрпақтарына иман тілепті.

Сізге қызықты болады