Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Болат Назарбаевпен қоштасуға келгендерді жаназаға тек тізіммен кіргізіп жатыр – БАҚ

Азамат Ахметов
Azattyq Ruhy

Экс-президенттің інісі 13 қарашада науқастанып көз жұмды

Ауыр науқастан көз жұмған Болат Назарбаевты халық ақтық сапарға шығарып салуға жиналып жатыр. Экс-президенттің інісімен қоштасу Шамалған ауылындағы өзінің үйінде өтеді, деп жазды Azattyq Ruhy.

Жаназаға келіп жатқан адамның қарасы көп. Шамалған ауылындағы Назарбаевтың қара шаңырағы Байтұрсынұлы көшесінің бойында орналасқан. Көшенің екі жағы биік дуал, жағалай күзет қойылған.

Марқұммен қоштасып, көңіл айтуға халық жиналғанмен, олар ішке кіре алмайды. Биік қақпаның алдына қойылған күзет адамдарды тізім бойынша ғана ішке кіргізіп жатыр.

71 жасына қараған шағында ауыр дерттен көз жұмған Болат Назарбаевтың жаназасы жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де оқылады.

Сізге қызықты болады