Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ресей презитенттігіне 3 мәрте үміткер болған қазақ Аман Төлеев қайтыс болды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Ол 2018 жылы саяси қызметтен кеткен

Саяси қайраткер, Кемерово облысының экс-губернаторы Арман Төлеев 80-ге қараған шағында көз жұмды.

Аман Төлеев 1944 жылы Красноводск қаласында дүниеге келген. Әкесі – қазақ, Адай руынан шыққан. 

Нововсібір темір жол инженерлері институтын (1973), Қоғамдық ғылымдар академиясын (1989) бітірген. Еңбек жолын 1964 жылы Кемерово облысында темір жолшы болып бастаған. 

1997 жылдан Кемеров облысының губернаторы. 3 рет (1991, 1996, 2000) РФ президенттігіне кандидат болып тіркелді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 25 наурызында Кемерово қаласында төрт қабатты «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт болды. Өрт ошағы жоғарғы қабаттан шығады, онда бірнеше кинотеатр мен балалар ойын алаңдары орналасқан. Өрттен 64 адам қаза болды. Қайтыс болғандар тізімінде 41 бала болды. Зардап шеккендердің жалпы саны 79-ға жетті. 

Өрттен кейін Аман Төлеев өз еркімен отставкаға кету жайлы өтініш жазды.

Сізге қызықты болады