Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Астана тұрғыны қазақтарды қорлағаны үшін сотталды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Оқиға 7 тамызда болған

Астана тұрғыны Наталья Свиридова ұлт араздығын қоздырғаны және адам өлтіруге үгіттегені үшін төрт жылға бас бостандығынан айрылды деп жазады ҚазТАГ. Атап айтқанда, ол қазақ ұлтын қорлап, балағат сөздер айтқан.

«Свириденко Наталья Валентиновнаны Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігінде (әлеуметтік, ұлттық, тайпалық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру) көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тануға және оған орташа қатаңдықтағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындау қажет», - делінген Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімінде. 

Соттың хабарлауынша, Свириденконың TikTok әлеуметтік желісінің тікелей эфиріндегі мінез-құлқы қазақ ұлтына қатысты азаматтық араздықты қоздыруға ықпал еткен. 

«Өз сөздерімен Н. В. Свириденко конституциялық тәртіпті бұзуға шақырады, олар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық қатынастарға зиян келтіруі мүмкін. Оның мәлімдемелерінде тонауға және қоғамдық тәртіпті бұзуға, бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуге ашық үндеулер бар, олар әлеуметтік қауіпті және Қазақстан халқының бірлігіне қарсы бағытталған», - делінген іс материалдарында.

Сізге қызықты болады