Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Қазпошта» филиалдарынан 270 млн теңге ұрланған

Азамат Ахметов
Inbusiness.kz

Бұл қаражат 7 өңірдегі филиалдарда қолды болған

«Қазпошта» АҚ-ның өңірлердегі филиалдарында жүргізілген ішкі тергеу жұмыстарының нәтижесінде биыл 273 млн теңге жымқырылғаны анықталды.

«Қазпошта» АҚ-да ішкі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірде жалпы сомасы 273 млн теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды. 

Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау, күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды. 

«Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді», — делінген компания таратқан хабарламада.  

«Қазпошта» АҚ ақпаратында ведомствоның орталық кеңсесінде және жергілікті жерлерде заң бұзушылық әрекеттермен күрес одан әрі жалғасатыны айтылған. Бұл бағытта мекеме басшылығы құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейді.

Сізге қызықты болады