Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақстан тұрмыстық зорлық-зомбылықпен қатар харасмментке қатысты да заң пайда болуы мүмкін

Азамат Ахметов
Газета.ру

Бұл тұрғыда Өзбекстанның тәжірибесін пайдаланамыз

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Орталық Азия елдері әйелдері диалогының халықаралық конференциясында әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жайлы айтты.  

Ерлан Қошанов конференцияға қатысып жатқан шетелдік делегацияларға Орталық Азия елдері әйелдері диалогына Қазақстан төрағалығының кезеңінде белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.  

«Соңғы жылдары бұл мәселе тек біздің өңірде ғана емес жаһандық деңгейде кең ауқымға ие болып отыр. Бұл әлем бойынша жаһандық проблемаға айналды. БҰҰ мәліметі бойынша әлемдегі әр үшінші әйел физикалық немесе сексуалдық зорлыққа тап болған. Бұл қоғамдық проблемамен күрес үшін 155 елде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылданды. Орталық Азия да тыс қалмады. Қазақстан адам құқығы мен әйелдер, гендерлік теңдік бойынша халықаралық келісімді ратификациялады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен заң бұзуға қатысты бірқатар заң қабылданды. Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен тұрмыстық-зорлық зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтілді», - деді Ерлан Қошанов.  

Оның айтуынша, бұл салада депутаттар заңның жаңа новеллаларын әзірлеп жатыр.  

«Ең алдымен біз тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминалдандыруды жоспарлап отырмыз. Заң қабылданса, денсаулыққа орта және ауыр қылмыс жасағандарды бас бостандығынан айыру ғана көзделеді. Бостандығын шектеу жазалуы толық алынып тасталады. Бұл жерде бізге Өзбекстанның тәжірибесі маңызды. Биыл Өзбекстан тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминалдандырды. Сондай-ақ, харассмент мәселесін енгізу де көзделіп отыр. Бұл тақырыпты соңғы кезде депутаттар белсенді түрде көтеріп, депутаттық сауалдарында айтып жүр. Қазір әйелдер «сталкингке», белсенді бақылауға ұшырап жүр. Бұл әрекет үшін көп елде қылмыстық жазалау көзделген. Біздің елдерге де осындай әрекет үшін жазаны күшейтуді қарастыруатын уақыт келді», - деді Қошанов.

Сізге қызықты болады