Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Павлодар облысында оқушы қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

Күдікті ер адам ұсталып, қамауға алынды

Павлодар облысындағы мектептердің бірінде 8-сыныпта оқитын оқушы қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған. Қыздың аяғы ауыр екенін мектеп әкімшілігі байқап, дереу дабыл қағыпты.

Оқушының анасы мен сынып жетекшісі дәрігерге барып, қыздың жүкті екені нақтыланғанда ол өгей әкеден зорлық көргенін мойындапты.

«Ол бірден өзінің өгей әкесіне сілтеген. Мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және сынып жетекшісіне қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды», – деді ауданның білім беру бөлімінде.  

Облыстық полиция департаменті ҚР ҚҚ-нің 120-бабы 4-бөлігі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктіні ұстады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Сізге қызықты болады