Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Әнипа Назарбаеваның адамдары базардағы әр сауда орнын 10 мың долларға сатып келгенін – депутат

Азамат Ахметов
Zakon.kz

Шығынға батқан саудагердің көбі қандастар дейді ол

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Алматының базарында сауда жасайтын қандастар мәселесін көтерді.

Ол сауалын Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен Бас прокурор Берік Асыловқа жолдады.

«Бүгінгі депутаттық сауалыма әділетсіздіктің шырмауына шырмалып, шырғалаңнан шыға алмай қалған азаматтардың көз жасы себеп. Олар Алматының әйгілі барахолка базарында сауда жасайтын қандастар. Қақаған қыс пен ми қайнатар жазда, таң атысы кеш батысы контейнерде отырып, сауда жасауға мәжбүр жандардың бізге жолдаған мына хатында «Кенжехан» базарының саудагерлері бар мәселесін тізіп жазған. Бүгінге дейін құзырлы орындарға қанша арызданса да, «күштінің дүмі диірмен тартады» демекші, қаналған көпшілік қаржысын қайтара алмай келеді», - деді депутат.

Нартай Аралбайұлы саудагерлерден келген хаттың мазмұнын түсіндіріп берді.

«Барахолкадағы саудагерлерден депутаттардың атына келген мына арызға сүйенсек, соңғы 10 жылға жуық уақытта «Кенжехан» базарының иесі Назарбаева Әнипа Әбішқызы болған делінеді. Оның жанындағы адамдар базардағы әр сауда орнын 10 мың долларға сатқан. Алайда сату-сатып алу жөніндегі келісімшартты жасамай, тек контейнердің паспортын берген. Келісімшарт талап еткен жандарды «біз базарға мәңгі иелік етеміз, уайымдамаңдар» деп қайтарған. Саудагерлердің дерегінше, базарда 1000-ға жуық контейнер бар, әрі қарай есебін шығара беріңіздер», - дейді ол.

Депутаттың сөзінше, қолда бар арыздағы ақпаратқа сүйенсек, 2022 жылдың 4 сәуірінде «Кенжехан» базарының 100 пайыз үлесі «Митра «консалтинг» ЖШС мен Розенберг Е.М. деген азаматқа өткен. Бұл базар 640 миллион теңгеге сатылды делінеді.

«Жаңадан келген базар қожайындары саудагерлерге «контейнерлеріңді 325 мың теңгеден сатып алыңдар» деп талап қойған. Сонда ел 1 орынға 2 рет ақша төлеген. Амалсыз ақшасын берген жандарға тағы да сату-сатып алу туралы құжат берілмеген, тек «келесім» қағазы тапсырылған. Айтпақшы, келісімді сол базардағы нотаруисте жасауға міндеттеген, ол үшін әр саудагер тағы 43 мың теңгеден төлеген. Ол ол ма, әр контейнердің иесінен айына 50 500 теңге ақы алынады деген және бір тәртіп шығыпты. Мұны шағымданған ел айтып отыр. Бұл сорақылық емес пе? «Төлемесе контейнерлерді мөрлеп, жауып тастайды» деп ашынады жұрт», - деп айтты Нартай Аралбайұлы.

Сізге қызықты болады