Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Әлеуметтік желіде қазақ халқын қорлайтындар туралы Мәжілісте айтылды

Азамат Ахметов
parlam.kz

Жуырда ғана Астана тұрғыны аталған факт бойынша сотталған еді

Депутаты Ардақ Назаров Мәжілістің жалпы отырысында жасаған депутаттық сауалында әлеуметтік желіде қазақ халқына тіл тигізгендер жайлы айтты.

Еске салайық, соңғы бір айдың ішінде ұлт араздығын қоздыратын бірнеше факт тіркелген болатын. Бірі – Астанада тіркелсе, екіншісі Түркістан облысында болды. Екі жағдайда да нақты қазақ ұлтына қатысты қорлау деректері бар-тын. 

«Қазір әлеуметтік желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейді. Кеше Түркістан облысының Сайрам ауданы азаматы бүкіл қазақ еліне, тіпті керек болса Президентімізге тіл тигізді. Бұл азамат қазір шетелде. Қазақ халқы бейбітшілікті сақтап отырған елміз. Біздің елімізде тұрып жатқан азаматтар қазақ халқын басынбауы керек. Біз момын халық емеспіз. Біз байсалды халықпыз. Сондықтан мына азамат қазір шетелде. Оның ата-анасы кеше әлеуметтік желіде кешірім сұрады. Бұлай істеуге болмайды. Ертең ол азамат елге кезген кезде, оны 30 күн қоғамдық жұмысқа жегу керек, керек болса оны бірнеше күнге бас бостандығынан айыру керек. Өйткені бұл басқаларға сабақ болуы қажет», - деді Ардақ Назаров.

Сізге қызықты болады